Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғады

Дереккөз: www.24.kz

03b7853b812296a7500fea27c05e63d2_l

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі оңтүстік антициклонның ықпалында болады.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында,, ауа температурасы 20 градус аязды көрсетпек. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал кей жерлерде 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Еліміздің батыс аймағында сынап бағаны күндіз 2-7 градус суықты, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 0-5 градусты көрсетеді.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК лауазымды және инженер-синоптигі:

– Ертең Астанада күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытына ауысады. Жел екпіні секундына 9-14 метрге жетпек. Күндіз -6-8 градусты, түнде -15-17 градус аяз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика