Доминикан Республикасы ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Доминикан Республикасы ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды

Дереккөз:  lenta.inform.kz

fab856207381ab901cfc1ec17c292c43_l

АСТАНА. ҚазАқпарат – Санто-Домингода Доминикан Республикасының Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қоюының ресми рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Шартқа қол қоюға Қазақстан тарапынан еліміздің Канада мен Доминикан Республикасындағы елшісі Константин Жигалов, Доминикан тарапынан – сыртқы істер министрі Мигель Варгас пен ұлттық секция комиссары Ханс Данненберг (Доминикан Республикасының Үндістан мен Қазақстандағы елшісі) қатысты.

К.Жигалов жиналғандарды Астанадағы ЭКСПО-2017-ге дайындықтың ауқымды жұмыстары туралы ақпараттандырып, Доминикан басшылығының көрмеге қатысуы – Қазақстан-Доминикан қарым-қатынасының ширақ дамуын көрсететінін айтып өтті. Қазақстан елшісі М. Варгасқа өзінің Қазақстанға алғашқы сапарын көрмеге қатысуға келумен байланыстыруын ұсынды.

М. Варгас Доминикан Республикасының Қазақстанды өңірдегі басты серіктес ретінде қарастыратынын және энергетика саласындағы, соның ішінде жаңғыртылатын энергия саласындағы ынтымақтастық екі елдің келешегі зор, өзара тиімді әріптестігінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Доминикан Республикасының Астанадағы ЭКСПО-2017-ге қатысуы тек «жасыл энергетика» өндірісіндегі тәжірибе алмасуға ғана ықпал етпей, сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына да қосымша септігін тигізеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика