Дереккөз: EXPO-2017 Астана
Астана қ., 25 қаңтар 2017 ж.
ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Катар мемлекетінің ұлттық секциясының Комиссары Ахмед Али Аль-Тамимимен кездесті. Басқосу барысында көрмеге қатысу келісімшартына қол қойылды.
Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания, көрменің мемлекеттік қатысушыларына павильондарын тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда халықаралық қатысушыларға 13 павильон тапсырылды. Олардың қатарында БАӘ мен Иордания сынды мемлекеттер павильондарының ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті.
Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетінің өкілетті елшісі әрі көрме Комиссары өз павильондарын көріп, атқарылған жұмыс сапасына ришалығын білдірді.
«Біз соңғы кездері жоғарғы деңгейлі көптеген іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да өз экспозицияларымыз үшін қол жүлдегер атандық. Сондықтан көрме қонақтарын мейлінше таң қалдырамыз деген үміттеміз. Катар павильон үздіктердің қатарында болары анық. Ал, Катар мемлекетінің ұлттық күні өткізілгенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады» – деді Ахмед Али Аль-Тамими.
Айта кету керек, Миланда өткізілген ЭКСПО-2015 көрмесінде катарлық павильонға 2 миллионнан астам адам келген. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Катарлық павильонның ауданы 457 шаршы метр, әрі ол БАӘ, Франция, Румыния және Словакиямен көршілес болады.
Басқосу нәтижесінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Катар мемлекетінің қатысу келісімшартына қол қойылды. Дәл осы күні Әзірбайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды.
Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оның 5-і араб мемлекеттері.