Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Дереккөз: Tengrinews

photo_209227

Синоптиктер 2017 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Осы ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында ауа температурасы норма шамасында болады деп күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық болса, республиканың қалған аумағында нормадан жоғары болады деп болжанады.

Көктемнің алғашқы айы жеткілікті салқын ауа райынан басталады, бұл суық антициклонның енуінің салдарынан болады.

Елдің оңтүстігінде фронталды бөлінудің күшеюі кезінде жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендеп, түнде 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 3-2 градусқа дейін аяз, кейбір жерлерде 3 градус нөлден жоғары болады.

Содан кейін белсенді циклонның батыстан шығысқа өтуі тұрақсыз ауа райын қалыптастырады: солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, республикамыздың қалған аумағында батыс желі соғып, көктайғақ тұман болады деп күтіледі. Наурыз айының 9-10 кезеңінде кезекті антициклонның әсерінен ауа райы тұрақтанады. Бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында температураның төмендеуі байқалып, түнде 10-20 градусқа дейін аяз, батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-13 градусқа дейін аяз болады.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша айдың бірінші жартысында, екінші және үшінші онкүндікте Орталық Азия ауданынан келген жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы солтүстік жартысында 5-13 градус жылы, оңтүстік жартысында 13-23 градус жылы болады деп күтілуде. Ал наурыз айының екінші және үшінші онкүндігінің жартысында суық ауа массаларының енуімен ауа райы жауын-шашынды, суық басым болады деп болжанады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика