Прагада Чехияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы бойынша кеңейтілген баспасөз конференциясы өтті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Прагада Чехияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы бойынша кеңейтілген баспасөз конференциясы өтті

Дереккөз: www.24.kz

92d3296c0948b0f0be40a3a488f55bd7_l

Прагада Чехияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жөнінде кеңейтілген баспасөз конференциясы өтті.

Аталған іс-шараға Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Владимир Бэртл, Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов, ЧР ЭКСПО комиссары Ян Крс және Астанада Чех павильонын салатын «АРТЕО» компаниясының директоры Богумил Бохняк қатысты.

В.Бэртл өз сөзінде Қазақстанның астанасында өтетін алдағы шараға қатысудың маңызының өте зор екенін және «жасыл» технологиялардың нәтижелерінін ұдеулі енгізуіне, сондай-ақ қоршаған орта мен жаһандық климатты тиімді түрде қорғауына, келешек ұрпақтар мен адамдардың өмір сапасын арттыру мен ресурссақтағыш және жаңғыртылмалы энергетиканың дамуы аясындағы халықаралық қатынастардың өрістетуіне мүмкіндің туғызатынын атап өтті.

С.Әбдікәрімов біздің мемлекетіміздің «ЭКСПО-2017» көрмесіне бесленді дайындық шаралары жайында, сонымен қатар чех азаматтары биылғы жылдың басынан бастап Казақстанға визалық талаптардан босатылуларына орай Чехияның кең іскерлік және әлеуметтік топтарын көрмеге, сондай-ақ Қазақстанның көрікті жерлерін көріп қайтуға шақырды.

Я.Крс пен Б.Бохняк чех павильонының инновациялық толтырылуының ағымдық үрдісі туралы және көптеген ұйымдастыру-техникалық шешімдерінің егжей-тегжегжейлері жайында слайдтарды көрсетіп журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика