Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды

Дереккөз: www.24.kz

c944ae28ffbad536edf04c349cee4509_l

Орталық Азия елдері денсаулық сақтау және экология саласындағы түйіткілді мәселелерді бірлесе шешпек.

Осыған орай Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды. Жиынға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі экология саласының мамандары және отандық ғалымдар қатысып жатыр.

Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азиядағы экологияға табиғи ресурстардың сарқылуы, зиянды заттардың көбеюі және ауызсу сапасының төмендігі әсер етуде. Еліміздегі экологиялық жағдайды бақылау үшін арнайы атлас жасалған. Нәтижесінде, қазақ жерінің 70 пайызы жарамсыз екені анықталды. Ендігі мәселе – құнары азайып бара жатқан жерлерді қайта қалпына келтіру. «Экологиясы нашар аймақтардағы тұрғындардың денсаулығына көңіл аудару керек», – дейді сарапшылар.

Құралай Кәрібаева, Экология және орнықты даму институтының директоры:

– Жерді тозудың 70 пайызға жеткеніне экологиялық атлас жасады. Соның бүгінгі күні қай сатыда екеніне ауыл шаруашылығы үкіметтен қаржы бөліп, биылдан бастап осы Қазақстанның бүкіл жер ресурсын қайтадан картаға түсірейін деп жатыр.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері экономикасы дамыған Еуропа елдерінің өзінде ауызсудың нашарлығынан және қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 600 мың адам көз жұмады дейді. Сондықтан көптеген ел баламалы энергияны қолға алып жатыр.

Элизабет Паунович, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінгі күні 1,4 млн ауру қоршаған ортаның ластануынан туындап отыр. Мұнымен қоса ауызсу мәселесі де көптеген елде шешілмей отыр.

Ғалымдар бас қосқан жиында қоршаған ортаны қорғау арқылы адамдардың өмір сүру көрсеткішін арттыру жолдары талқыланбақ.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика