ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қостанай қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 17-19 мамыр аралығында Қостанай қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Тазалық-2012» ЖШС; «Қостанай жолдары» ЖШС; «Қостанай-Су» МКК; Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» ЖШС; «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамының филиалы Торғай боксит кен басқармасы; «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамының филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасы; «Горизонт-2012» ЖШС; «Костанайские минералы» АҚ;  Жеке тұлға; «Шаруа» ЖШС; «Союзшахтоосушение» ЖШС; «Казвторчермет» АҚ Қостанай облыстық филиалы; «Арқалық ЖЭК» МКК.

 Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ жүргізу рәсімдері. Жобалық құжаттамалар құрамында қалдықтарды басқару бағдарламасы;
  • Өнеркәсіптік қалдықтардың мемлекеттік экологиялық сараптамасы;
  • Кәсіпорындардағы экологиялық қауіпсіздік;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы және т.б мемлекеттк экологиялық бақылау және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД БАБ басшысы.

Семинар соңында куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика