Ақмола облысында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы салынады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақмола облысында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы салынады

Дереккөз: www.24.kz

f60e0691dec85c9818910b580facea58_l

Ақмола облысында жақында Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылы жанынан тұрғызылатын нысанды «KB Enterprises» атты шетелдік компания қолға алыпты. Инвестор бұл жобаға 165 миллион евро қаржы құймақшы.

Ал қуаттылығы 100 МВт электр станциясын салуға 300 га жер телімі бөлінген. Нысанның инженерлік мердігері SUMEC CLEAN ENERGY INTERNATIONAL CO.LTD халықаралық холдингі. Құрылыс жұмыстары, энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы ABB еуропалық концернімен бірге жүзеге асырылмақ. Аталған концерн электр станциясына қажетті қондырғыларды орнатумен айналысады.

Тың жоба ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуымен қатар елімізде «жасыл экономиканың» дамуына зор үлес қосады деп күтілуде.

Авторы: Дамир Шайдаров

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика