2017жылдың 26-28 шілде аралығында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2017жылдың 26-28 шілде аралығында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы шілденің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Timal Consulting Group» ЖШС, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ.

 Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі экологиялық қауіптер;
  • Каспий теңізінде қазақстандық секторының мұнай-газ құрылымдарының игерілуі. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары;
  • Мұнай-газ кешеніндегі өндірістік мониторинг;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат;
  • Мемлекеттік бақылауды жүргізу рәсімі. Қалдықтар саласындағы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
  • Мұнай-газ саласындағы жобалар үшін қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды жүргізудің ерекшеліктері және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Тұрсынова Гүлжан Әлибекқызы – ҚР ЭМ  Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментінің бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_7226

img_7231

img_7234

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика