Алматы облысында егін жинау науқаны қызып тұр | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысында егін жинау науқаны қызып тұр

Дереккөз:  www.24.kz

4acf8badf9f55aea5e6b62af21769867_l

Алматы облысының диқандары астық орып жатыр.

Көктемгі егіс пен жинау жұмыстарын қаржыландыру Қазақстандағы агробизнесті қолдаудың маңызды құралы екені белгілі. Биыл «ҚазАгро» ұлттық холдингіне ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген.

Бидайдың мына түрі наз деп аталады. Бұны өзіміздің қазақ ғалымдары ойлап тапқан. Жергілікті табиғатқа бейімделген жақсы тұқым. Фермер биыл әр гектардан орта есеппен 20-25 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Ендігі мақсат – осы дәнді шашпай дер кезінде жинап алу.

«Светлана» шаруа қожалығы астықты уағында оратындарына сенімді. Бірнеше жыл бұрын фермер «ҚазАгроҚаржыдан» лизингке 3 трактор мен екі комбайн алып, техникасын жаңартқан. Бірақ көктемде егін егу кезінде қосымша қаражат қажет болып тағы несие рәсімдеген.

Александр Назаренко, «Светлана» шаруа қожалығының басшысы:

– 9 млн теңге несие берді. Оған техника, жанар-жағармай, тұқымдық бидай алдым. Бау-бақша егу мен тыңайтқыш алуға жұмсадым.

Биылдан бастап қаржыландыру механизмі өзгерді. Енді «Аграрлық несие корпорациясы» банк кепілдігін берумен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландырады. Сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері мен фермерлерді кейіннен қаржыландыру үшін банктерді, несие серіктестіктерін және шағын қаржы ұйымдарын қорландыруда. Қаржы институттары арқылы берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

Біржан Медеуов, «Аграрлық несие корпорациясының» өкілі:

– Мысалы, шалғайда орналасқан болмаса ауылда орналасқан шаруақожалық қалаға келіп әуре болмайды. Яғни уақытын жұмсамайды. Сол жерде орналасқан несие серіктестігі болмаса қаржылық ұйымдар арқылы төмен пайызбен несие ала алады.

Лизингтік бағдарламалар да фермерлерге көп көмек. Жыл басынан бері құны 17,7 млрд теңгеге 1230 қаржы лизингі шарттары жасалған. Ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жүйесінің де пайдасы мол. Егер бұрын «Азық-түлік корпорациясы» арпа-бидай ғана сатып алған болса, биылдан бастап фермерлер майлы дақылдарын да өткізе алады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Әбжанов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика