Жыл басынан бері 500-ден астам ауылшаруашылық кооперативі құрылған | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жыл басынан бері 500-ден астам ауылшаруашылық кооперативі құрылған

Дереккөз: www.24.kz

af11d06f25df1970b40d0dc4ce8ea848_l

Биыл жыл басынан бері еліміз бойынша 517 ауылшаруашылық кооперативі құрылды.

Бүгінгі таңда 150-ге жуығы нақты жұмыс істеп тұр. Басым бөлігі ет, сүт, жеміс-жидек пен көкөніс өндіреді. Ірі қара, құс, ара өсірушілер де баршылық. 2021 жылға дейін 1 мың 200-ден астам кооператив құру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Айта кетейік, Елбасы жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді ауылшаруашылық кооперативтеріне тарту туралы тапсырма берілген болатын.

Нұрболат Мақашев, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары:

– Қабылданған шаралар шамамен 4 мың жеке кәсіпкер және 6 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері құрылған кооперативтер 25 мың тоннадан астам сүт,  8 мың тонна ет және 600 тонна көкөніс дайындады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика