Семейлік ғалымдар бір түптен қызанақ пен картоп алды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Семейлік ғалымдар бір түптен қызанақ пен картоп алды

Дереккөз: www.24.kz

Қызанақ пен картоп бір түптен.

Семейлік ғалымдар осындай жетістікке қол жеткізді. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы Бақтығали Сәрсембаев пен ІІІ курс студенті Жансая Мұхаметқали бір жыл бойы жүргізген тәжірибе нәтижесінде гибридтік өнім алған. Талайды таң қалдырған жобаға әуелде күдікпен қарағандар көп болыпты. Алайда ғалымдар тобы бірнеше сәтсіздіктерге қарамастан ғылыми жұмысты жалғастыра берген. Аграрлық факультеттің жылыжайында қыс бойы өсірілген өскіндер будандастырылып, көктемде далаға егіліпті. Болашақта орамжапырақ пен шалғамды будандастыру арқылы тағы бір гибридтік өнім алу жоспарда бар.

Бақтығали Сәрсембаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға оқытушысы: 

– Әрбір түптен 37 томат алдық, әрбіреуінің салмағы 120-140 грамм болды. Картоптың да мөлшері солай болды. Саяжайда, жылыжайда, шаруашылықтарда 2 түрлі өнім алуға болады деген ойдамыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика