ШҚО-дағы жеке қожалықтардың бірінде түйе өсіріле бастады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ШҚО-дағы жеке қожалықтардың бірінде түйе өсіріле бастады

Дереккөз: www.24.kz

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы шаруашылықтардың бірі түйе өсуруді қолға алды.

Бұған дейін қой мен ірі қара өсіріп келген жеке қожалық 3 жыл бұрын Алматы облысынан 25 түйе әкелген. Қазір ойсылқара тұқымының саны 40-қа жеткен. Шаруашылық жетекшісінің айтуынша, шығыстың табиғаты қанша қатал болса да, түйелер бірден жерсінген. Тек іңгендер боталаған кезде немесе жыл он екі ай жайылымда болады. Шаруашылық енді шұбат саууды бастаған. Мәселен, өткен жазда 4-5 тонна шұбат өндірген. Болашақта түйенің санын 300-ге дейін жеткізіп, шұбат пен түйе етін өндірістік деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін шаруашылық басшысы үлкен цех салуды бастап кеткен.

Ғалым Ахметжанов, шаруашылық жетекшісі: 

– Халыққа осының шұбатын бәрін өткізіп, дүкендер алады. Халық өзі сұраныспен келіп, алып жатыр. Қазір Жарма ауданының халқы үйреніп келеді. Сұраныс көбейіп келеді. Сол үшін басын көбейтсек деп, жұмыс істеп жатырмыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика