Атыраудағы шаруашылықта түйеқұс балапан басып шығарды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Атыраудағы шаруашылықта түйеқұс балапан басып шығарды

Дереккөз: www.24.kz

24da76d77ae3ad59aa6558335e09f079_l

Атыраулық шаруалар түйеқұс өсіре бастады.

Биыл алғаш рет осы ерекше құстан балапан алды. Олар жергілікті климатқа әбден үйренген. Түйеқұс күтімді көп қажет етпейді. Ауа райы қолайсыз күндері жылы жерде тұрғанды ұнатады. Құс өсіруші Кенжебек Қалдыбаевтың айтуынша, қорадағы түйеқұстар жыл бойы емес, негізінен сәуір мен қазан аралығында жұмыртқалайды. Ол кезде аптасына салмағы 1-1,5 келі жұмыртқа береді. Қазір мұнда түйеқұстың 4 балапаны өсірілуде. Олар жоңышқаның тартылған түрін сүйсініп жейді екен. Бағымдағы балапандар ет алып, жетіліп келеді. Ересек түйеқұстың толысқан шақта бойының биіктігі 1 метр 70 сантиметрге жетеді.

Кенжебек Қалдыбаев, құс өсіруші: 

– Ол жарылып шыққаннан кейін 1 тәулік бойы сол пештің ішінде болады. Балапан бір аптаға дейін нәр татпай өмір сүре алады. Бойы кеуіп, өзіне келген соң ары қарай жүреді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика