Дереккөз: www.24.kz
Маңғыстау облысының Батыр ауылында биыл күннен қуат алатын станция құрылысы басталады.
Сағатына 2 млн киловатт энергия өндіретін кешен келер жылдың ақпан айында іске қосылуы тиіс. Жоба құны – 1 млрд 210 млн теңге. Баламалы қуат көзі жалпы саны 50 мың адам тұратын 3 елді мекенді электр энергиясымен қамтуға қауқарлы. Аумағы 10 гектар жерде 8 мыңнан астам күн панельдерін орнату жергілікті мамандарға жүктелмек. Отандық үлесі 90 пайызды құрайтын жоба қолданысқа берілген соң, осы ауылдың 10 азаматы жұмыспен қамтылады.
Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:
– 2018 жылдың күз айларында 21 мың күн панельді құрылғылары осы Батыр ауылының екінші жақ бетінде орналастырылады. Бұл жоба сағатына 5 млн киловатт тоқ көзін өндіреді. Осындай ірі жобалар еліміздің дамуымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес, баламалары тоқ көздері осы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында іске асырылып жатыр.