Алматы облысында сервистік-дайындау орталықтары көбейеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысында сервистік-дайындау орталықтары көбейеді

Дереккөз: www.24.kz

6254223f7ef0bf9728d7b1886a4ef153_l

Алдағы жылы Алматы облысындағы сервистік-дайындау орталығының қатары көбейеді.

Бұл мақсатта аймақтағы ауылшаруашылық жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін тағы 5 осындай орталық ашу жоспарланған. Оларға 96 бірлік техника алынады. Қазір Жетісу өңірінде 550-ден астам жоғары сапалы техникалармен жұмыс істейтін 29 сервистік-дайындау орталығы бар. Жер жырту және жүгері, күріш, астық пен қант қызылшасын жинау кезінде де шаруа қожалықтары осы орталықтардың көмегіне сүйенеді.

Қоюмчан Омаров, облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: 

– Он сегізінші жылы осы саланы дамыту үшін тағы 5 сервистік орталық қант қызылшасына байланысты құрылады деп болжануда. Әсіресе біздің Ақсу қант зауытының жұмысқа қосылуына байланысты. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында осы мәселеге көбірек көңіл бөлінеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика