ОҚО: Арыс қаласындағы сүт фермасы толық жұмыс қуатына көшті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ОҚО: Арыс қаласындағы сүт фермасы толық жұмыс қуатына көшті

Дереккөз: www.24.kz

1f3b00d68bfad8a19c%d1%8b%d0%b2%d1%84%d1%8bde46979251fca2_l

Оңтүстік Қазақстан облысында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қаржыландырылған жобасы толық қуатында жұмыс істеуге көшті. Арыс қаласындағы «Қазына жер Ltd» серіктестігі «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржыдан» құны 2 миллиард теңге қаражат алып, оған шетелден асыл тұқымды сиырлар алған. Осының арқасында ірі тауарлы сүт фермасының жұмысы жандануда. Мұнда әрбір сауынды  сиыр тәулігіне 29 литр сүт береді.

Қорадағы асыл тұқымды сиырлар Канада мен Украинадан және еліміздің өзге де аймақтарынан әкелінген. Қазір мұнда жалпы мал басының саны мыңнан асады. Оның 600-ден астамы аналық бас. Сүтті бағыттағы сиыр болғандықтан жем-шөбіне көбірек көңіл бөлеміз,- дейді сүт фермасының басшысы Алымжан Ахметов.

Алымжан Ахметов, «Қазына жер Ltd» ЖШС бас директоры:

– Толық қуаттылыққа біз осы жылы шықтық. Толық қуаттылық біздің жобамыз бойынша 14 тонна болатын. Жалпы қазір біз 15 тоннаға жуық сүт алып жатырмыз. Енді қазір тағы да кеңейсек пе деген жоспарымыз бар. Ол үшін «АгроНесие» корпорациясына құжат тапсырып, келесі жылы 400 бас сиыр алсақ па деп жатырмыз.

Оңтүстік Қазақстанның халқы жылына орташа есеппен 245 мың тонна сүт тұтынады. Соңғы жылдары өңірде заманауи үлгідегі роботтандырылған сүт фермаларының саны арта бастаған.  Ал «ҚазАгро» ұлттық компаниясы еліміз бойынша тауарлы сүт фермасының желілерін дамыту негізінде 47,3 миллиард теңгеге 43 жобаны қаржыландырған.

Ринат Нұрбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ОҚО филиалы директорының орынбасары:

– Аударма Біз бұл жобаны 2012 жылдан бастап қаржыландырып келеміз. Екі кезеңді еңсеріп, жоба толығыменен қуаты артып отыр. Одан бөлек малды азықпен қамтамасыз ету үшін әрі жемшөп шаруашылығын дамыту мақсатында осы «Қазына жерге» қаржы бөліп отырмыз. Оған қажетті техника сатып алынды.

«ҚазАгроның» инвестициялық бағдарламасы іс жүзінде еліміздің ауыл шаруашылығының барлық басты бағыттары мен салаларын қаржыландырып келеді. Ірі тауарлы сүт фермалары мен қазіргі заманғы жылыжай кешендерінің құрылысы осының айғағы.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика