Қазақстанда батат өңделеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанда батат өңделеді

Дереккөз: www.24.kz

0858a77363ca62cbbb49d3f4dfe9696d_l

Алматы облысында тәтті картоп өсіріп, оны өңдейтін зауыт ашылады.

Бұл туралы отандық ғалымдар Оңтүстік Кореяда өткен семинарда хабарлады. Қазақстанда бұл көкөніс 2014 жылы өсіріле бастады. Түсім мол болғанымен, біздің шаруалар бататты көп еге қоймайды. Себебі халық оған қызықпайды. Алайда қазір бүкіл әлемде тәтті картопқа деген сұраныс жоғары. Өйткені батат – денсаулыққа ең пайдалы көкөністердің бірі. Ол күретамырлық қан қысымын қалыпқа келтіріп, қант диабеті мен қатерлі ісіктің алдын алады.

Қабыл Жамбакин, ҚР БҒМ биология мен биотехнология институтының бас директоры: 

– Шетелдік кәсіпкерлер біздің егіс алаңдарын пайдаланғысы келеді. Себебі Кореяда бос жерлер аз. Олар көкөністің бұл түрін Қазақстанда өсіруге ниетті. Кейін тәтті картоптан крахмал мен кеспе жасауға болады. Алынған өнімдерді басқа мемлекеттерге экспортқа жібереміз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика