Қостанайда күнбағыстың 4 сұрпы пайда болды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қостанайда күнбағыстың 4 сұрпы пайда болды

Дереккөз: www.24.kz

eac8c956117afd2affd4af5ecb43effd_l

Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты қызметкерлері соңғы жылдары күнбағыстың 4 сұрыпын шығарған.

Жаңа тұқым түрлерінің ерекшелігі теріскей өңірдің табиғатына бейімделген, әрі өнімділігі де жоғары. Тез пісіп-жетіледі, топырақ құнарын да бірқалыпта сақтайды.

Егер дақылдың өзге түрін сұрыптауға 5 жыл жеткілікті болса, күнбағыстың тұқымына екі есе көп уақыт кетеді. Әрбір жаңа сорт – ғылыми қызметкерлердің көз майын тауысқан ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Тұқым түрін шығарудағы мақсат – өнімділікті арттыру. Бұл бағыттағы ізденіс тоқтаған емес.

Зибагүл Ағыбаева, Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері:

– Ғылыми  институтта сорттарды шығарып жатырмыз, бірінші бізде болған – «Заречное» деген сорт, оның да өнімділігі 29 центнер болды бір гектардан. Одан кейін «Рауан» деген шемішке шығардық. Оның да өнімділігі 27-29-ға дейін.  Және де «Сары» деген сорт шығардық, оның да өнімділігі 47-ден 49 центнерге дейін.

Соңғы он жылда Қостанай облысында майлы дақыл танаптарының көлемі 16 есеге ұлғайған. Сол арқылы өңірде өңдеу нысандары көбейді. «Біз топырақ құнарын сақтай отырып, экологиялық таза өніммен экспортты жаулауымыз керек. Бұл – Президент Жолдауында айтылған міндет. «Ғылыми ізденістер алқаптарды әртараптандыру саясатымен ұштасып жатыр», – дейді институт қызметкерлері.

Нәбидолла Кикебаев, Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ бас директоры:

– Майлы дақылдардан шығарылған сорттар республикалық мемлекеттік тіркеуге кетті. Одан қалды өсірудің екі технологиясы органикалық технологиялар патентке беріліп, ол да мемлекеттің назарында, тіркеуіне алынып отыр. Сондықтан ол өзі біраз жылғы еңбектің нәтижесінің көрініп келе жатқаны.

Бүгінде қостанайлықтар қолданысқа енгізген нөлдік технология тәсілімен елімізде 1,5 млн гектар алқапқа дән себіледі. Өңір ғалымдары шығарған майлы дақыл тұқымдары мен көкөніс түрлеріне шаруашылықтар тарапынан сұранысқа ие бола бастаған. Институт қызметкерлері өткен жылы 4 жаңа тұқым түріне авторлық құқық иеленсе, тағы бес өтініш қаралу үстінде.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяро

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика