Қостанай облысында сүт фермасына австралиялық ІТ-технология орнатылмақ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қостанай облысында сүт фермасына австралиялық ІТ-технология орнатылмақ

Дереккөз: www.24.kz

d37ec8c23fb51dd37ae1514ac21e5c84_l

Қостанай облысында цифрландырудың жол картасы жасалды.

Оған әзірге 77 жоба енгізілді. Оның жартысына жуығы ауыл шаруашылығына қатысты. Нақты айтсақ, бұл салада осы жыл ішінде 29 жылдам жетістіктер іске асырылады. Және оның бәрі кәсіпорындар есебінен атқарылады. Ақылды технологиялар ет-сүт фермаларына, егін шаруашылығына енгізіледі. Егістік алқаптарының электронды картасы, жер-серіктік GPS навигациясы, автоматтандырылған малды бақылау құрылғылары болашақта үйреншікті құбылысқа айналады. Сүт фермасына австралиялық ІТ-технологияны орнату көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, ол 10 шақты айдың ішінде өзін ақтап шығады.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

– Бұл жобамен алсақ, мысалы, мың басқа сүт беретін бір сиырға «болюс» енгізіледі. Соның арқасында нақты бір сиыр 305 күннің ішінде 5 мың 500 литр берсе, осы технологияны енгізу арқылы сиырлар 6 мың 350 литрге дейін, яғни 850 литрге көп сүт береді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика