Германиялық сарапшы: Баламалы энергия көздерін дамыту арқылы Қазақстан көреген шешім қабылдап отыр | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Германиялық сарапшы: Баламалы энергия көздерін дамыту арқылы Қазақстан көреген шешім қабылдап отыр

Дереккөз: www.24.kz

f09908d9c6cfa50d831c6042d0e670f3_l

Жасыл технологияларға инвестиция салу – болашаққа сеніммен қарау.

EUREF технопаркінің басқарма төрағасы Райнхард Мюллер Президент жолдауы жайлы осындай пікірде. Бұл – орталық Германияның жаңартылған энергетика саласындағы үздік стартапшылардың ортақ алаңы. Сарапшының айтуынша, баламалы энергия көздерін дамыту арқылы Қазақстан көреген шешім қабылдап отыр.

Райнхард Мюллер, EUREF технопаркінің басқарма төрағасы:

– Президенттің жолдауында көптеген маңызды тармақтарды көзім шалды. Солардың ең бастысы – 2030 жылға дейін Қазақстанда баламалы энергия көздерінің көлемін арттыру. Яғни сіздер жаңартылған энергия болашақтың кілті екенін нақты білесіздер. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орында. Дегенмен халық саны айтарлықтай көп болмағандықтан, түбегейлі баламалы энергияға көшсеңіздер болады. Күн мен жел де жетерлік. Яғни ауа райы да қолайлы деген сөз. Сіздерге тек технология қажет. Дәл осы мәселе бойынша тәжірибе алмасуға, сенімді серіктестік орнатуға дайынбыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика