Елімізде егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді

Дереккөз: www.24.kz

fcca3de32cb53d1b6931d3b67768ead6_l

Еліміздегі көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді.

Қаржыны бөлу кезінде аймақтың ерекшеліктері де есепке алынды. Мәселен, егін шаруашылығымен айналысатын Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына қаражаттың 60 пайызы берілді. Қалған 40 пайызы басқа аймақтарға үлестірілді. Бұл жөнінде 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында айтылды. Баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Холдингі өкілдері қаражаттың бөліну тәртібі мен ережелері туралы диқандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Биыл қаржыландыру қаңтар айында, яғни өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте басталды. Нәтижесінде шаруалар тұқым, гербицид, қосалқы бөлшектерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ 21,8 млн гектар алқапқа дән сіңіріледі. Ал 14,7 млн гектар жерге дәнді дақылдар егіледі. Оның ішінде 11,4 млн гектарға бидай себіледі. Қазіргі уақытта оңтүстік аймақ көктемгі далалық жұмыстарын бастады.

Акпар Тазалиұлы Мəуленов, ҚР АШМ егіншілік департаменті директорының орынбасары:

– Биылдан бастап майлы дақылдар, жем-шөпті жəне жабық топырақта өндірілетін көкөністі субцидиялау алынып тасталды. Бұл жерде қант қызылшасы, күріш, мақта қалады. Мұның өзінде субсидия гектарға берілмейді. Қайта өңдеу кəсіпорнына берілген тоннаға беріледі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика