Н.Назарбаев: Бес әлеуметтік бастаманың орындалуының Алматы облысы үшін маңызы зор | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Н.Назарбаев: Бес әлеуметтік бастаманың орындалуының Алматы облысы үшін маңызы зор

Дереккөз: www.24.kz

d0e48df1592c20027be41ab2f0d800dc_l

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары бүгін де жалғасты. Президент бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аймақтағы кәсіпкерліктің аяқалысымен жіті танысты.

Биыл облыс билігі «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан аса адамды оқытып, шамамен 650 жобаны қаржыландырмақ. Қазірдің өзінде өңірде 100 мыңнан аса шағын және орта кәсіп субъектісі жұмыс істеп тұр. Елбасы саладағы жұмысты әлі де ширатуды жүктеп, мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі орындалуын қадағалауды тапсырды.

Әсем Қабылбек, тілші:

– Шағын және орта кәсіпкерлік – мемлекеттің тірегі. Бизнес өкілдерінің ел экономикасында қашан да арқалайтын жүгі ауыр. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 30 пайызға жуықтады. Елдегі кәсіпкерлердің республика бюджетіне қосқан үлесі артып келеді. Олардың қатарында Алматы облысының бизнесмендері де бар.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Талдықорғандағы бас кеңсесі. Ғимараттың ресми атауы –  Аtameken Business Cіtу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті. Қазіргі уақытта өңірде 100 мыңнан аса шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Кәсіпкерлердің өндірген өнімдерімен көрмеден танысуға болады. 2 қабатта білікті мамандар кәсіпкерлерге тегін кеңес беріп, заңдық және бухгалтерлік қызметтер көрсетеді. Яғни бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлармен кездесу өткізуге де қолайы жер.

Облыс әкімі Амандық Баталов биыл 550 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуды көздеп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ осы жылы «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан аса адамды оқытып, 650 жоба қаржыландырылмақ. Оның жалпы сомасы – 5,4  млрд теңге. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов бизнесті дамытуға арналған жоспармен таныстырды. Күні кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс барысымен Алакөлге барған болатын. Жергілікті кәсіпкерлерді туризм кластерін қарқынды дамытуға үндеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен кеше Алакөлде болдым. Халықтың барлығына білгізу үшін өзімізде осындай үлкен көл бар ел ортамызда. Оның адамның денсаулығына шипалы екенін елдің бәрі біледі. Ресейден де келіп жатыр. Басқа жақтан да келіп жатыр. Халыққа түсіндіру керек сол жерде бизнес жұмыс істеу керек.

Бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайтып, қолдау қажет. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер келіп түскен өтініштердің 71%-ы бизнестің пайдасына шешілген. Шағын және орта кәсіп – әлемдегі мықты елдердің экономикасына тіреу болып отырған күш. Нарықтық қоғамда алып корпорациялардың қажетін өндіріп, жалпы жұртқа жұмыс беретін де осы шағын және орта бизнес. Тұрмысы түзудің елдің көңілі де түзу. Мемлекеттің бұл салаға ерекше мән беріп отырғаны да содан. Президент Талдықорғанда бір топ кәсіпкерлермен кездесіп, оларды тыңдап, өзара пікір алмасты.

Бақытжан Әбдірасылов, кәсіпкер:

– 2016 жылы Сіздің өзіңіздің Иранға жасаған ісcапарыңызда делегация құрамында болдым. Ирандық кәсіпкерлермен ет экспорты жөнінде келісімшартқа қол жеткізген едік. Қазір сол келісімшартты орындауға кірісіп жатырмыз. Ауылшаруашылығына 2 млрд инвестиция салдым. Біз кластер құрдық. Үш мың басқа мал бордақылау алаңын аштық. Мал сою кешенін аштық. Дүкендер желісімен тұтынушыға етті жеткізіп отырмыз кластер бізде. Сол салған ақшамыздың бір бөлігін мемлекет өзімізге субсидия ретінде қайтарып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз енді рыночный экономика болғаннан кейін жекеменшікті қолдау керек. Дегенмен, Совет одағынан шықтық бәріміз жібергісі келмей ұстап отыратын болады шетінен келе жатырмыз. Облыстың жағдай түзеліп келе жатыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғандағы Салтанат сарайымен танысты. 2 қабатты жаңа қимарат жергілікті бюджет есебінен салынған. Атының өзі айтып тұрғандай салтанатты жиын өткізуге арналған. Бірінші қабатта АХАЖ бөлмесі, қалыңдық пен күйеу жігіт бөлмелері, қонақ бөлме, қосалқы және техникалық ғимараттар орналасқан. Екінші қабатта  мәжіліс залы, ресми кездесулер мен шараларға арналған зал, мейрамхана бар. Осы ғимаратта Президентке құрылысы қызу жүріп жатқан әлеуметтік нысандар мен драмалық театрдың жобасы таныстырылды. Дені мемлекеттік-әріптестік аясында бой көтереді.  570 орындық бассейн, жеңіл атлетикалық спорт кешені, 2 мектеп, драмалық театрды салуға жеке  инвесторлардың қаржысы тартылмақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Сентябрьде ашылады. Біз ашылуына международный театральный фестиваль белігілеп жатырмыз. Это уникальный 500 орын. Тағы да екінші кішкентай сахнасы бар. То есть международный стандарт.

Алматы облысына жұмыс сапарын қорытындылаған Елбасы Бес әлеуметтік бастамаға ерекше ден қоюды тапсырды. Президенттің пікірінше, Алматы өңірі экономикалық өсім жөнінен көшбасында. Біраз салада өсім байқалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ең қажетті қан қызылшасын, жүгері өндіру, соя өндіру мәселесі болатын. Кейінгі кезде құлдырап кетті. Кейінгі үш жылда жасалған жұмысқа өте жоғары баға бере аламын. Қазіргі мынау әкім Амандық Баталовтың  бастауыменен менің тапсырмамды орындап, осы күні 60 мың тонна қант шығаратын жағдайға жеттік. Қызылшасын плантациясын өте күрт өзгерттік. Бірнеше рет көбейттік. Қарап отырсаңыздар, зауыттардың барлығы тоқтап қалған қант жасайтын барлығы іске қосылды. Оның үстіне алма мәселесін, сонан кейін көкөніс мәселесі бар. Мал шаруашылығы бар және таудан ағатын суларды пайдаланып, кішігірім гидростанцияны салып елге көмек жасау болатын. Осының барлығы ата берсе көп мәселе бар. Осының барлығы дұрыс орындалып отыр.

Президент аймақ басшысының атқарған жұмысына бес деген баға беріп, босаңсымауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жалпы алғанда өңірдің өну, өркендеуіне оң бағасын беруге болады. Менің тексеретінім әр уақытта жарияланған бағдарламалардың орындалуы. Оның ішінде индустриялық бағдарлама бар. Оның ішінде инфраструктуралық бағдарлама бар. Оның ішінде әлеуметтік бағдарлама бар. Бес менің тапсырмам. Алматы облысына келсек, бұл еліміздің бір ерекше өңірі болып саналады. Ерекше болып саналатын себебі бір жағынан тікелей Қытай Республикасымен шекаралас. Бұл мәселе. Сондықтан да мен Талдықорғанды облыс орталығы деп қайта жарияладым. Бұл жерде халық көп болуы керек шекара болғаннан кейін. Халық сауатты болуы керек. Білуі керек. Шекараны сақтау екенін, елдің мына жағындағы шебінде тұрғанын. Сондықтан екі ауданды қайта құрып, оның ішінде де халық көбейсін деген, ол аудандар қуанып жатқанын білемін. Құттықтаймын. Көшкен ел қайтып келсін деп,  өндірісін жұмыс беретін жағдай жасау керек.

Соңғы 3 жылда аймақта 3 млн шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Аграрлық сектордағы көрсеткіштер көңіл қуантады. Газдандыру ісі қарқынды түрде кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Президент атқарылған істерге оң бағасын беріп, нақты міндеттер жүктеді. Айналып келгенде барлығы қарапайым халықтың қамы.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Айдос Меделбеков, Асхат Әзіретханов, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика