2020 жылы жаңартылған энергия көзінің үлесі үш пайызға артады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2020 жылы жаңартылған энергия көзінің үлесі үш пайызға артады

Дереккөз: www.24.kz

08ae03dc25ca7521fee9b881921424a0_l

Елімізде 2020 жылы жаңартылған энергия көзінің жалпы үлесін 3 пайызға, 2030 жылға қарай 10 пайызға арттыру көзделген.

Былтыр 1,1 млрд киловатт сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырған 180 млн киловатт сағатқа артық. Ал биыл қуаттылығы шамамен 138 мегаватт жаңартылған энергия көзін қосу жоспарда бар.

Айта кетейік, еліміз – әлемде жасыл экономикаға көшу жөніндегі құжатты мемлекеттік деңгейде қабылдаған алғашқы елдердің бірі. Оны дамыту мақсатында аукцион тәсілі қолданыла бастады. Ол саланың ілгерілеуіне оң септігігін тизізбек. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экономика министрінің орынбасары:  

– Бұл жүйе жаңартылатын энергия көздерінің ең тиімді жобаларын дамытуға серпін беретіні сөзсіз. Осыған сәйкес 23 мамырда алғашқы аукциондық сессия басталғанын білесіздер. Жалпы, биыл ауционға қуаттылығы 1 гигаватт жаңартылатын энергия көздері қойылады. Аукционда жел энергиясына бастапқы баға 22 теңге 68 тиыннан 17 теңге, 49 теңгеге төмендегенін айта кету керек.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика