2018 жылдың 6 маусымда жалпы қуаты 20 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион Оңтүстік аймаққа арналды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылдың 6 маусымда жалпы қуаты 20 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион Оңтүстік аймаққа арналды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

9 қазақстандық және Ресей, Қытай, Болгария өкілдерін қоса алғанда шетелдік компаниялардан 12 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 3-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 92,9 МВт құрады.  Аукциондағы бастапқы баға – 34,61 теңге/кВт*cағ.  3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 28,00 теңге/кВт*cағ. 34,56 теңге/кВт*cағ. дейін болды.

Қатысушылар саны 3-тен кем емес және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

1. URBASOLAR SAS 5 МВт-қа 28,00 теңге/кВт*cағ. бағамен;

2. «ТехноБазальт» ЖШС 3 МВт-қа 28,99 теңге/кВт*cағ. бағамен;

3. «Hydroenergy company» АҚ 10 МВт-қа 29,00 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Келесі аукцион 2018 жылдың 7 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 мен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

ҚР Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

– күн электр станциялары – 290 МВт;

– жел электрстанциялары – 620 МВт;

– гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

– биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика