Өскемен су электр бекетіндегі өрт сөндіру кемесі өз қызметіне аттанды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Өскемен су электр бекетіндегі өрт сөндіру кемесі өз қызметіне аттанды

Дереккөз: www.24.kz

2d3494bfe7b8864439b3935c59559b00_l

Өскемен су электр бекетінде тұрған «Ледокол» өрт сөндіру кемесі Бұқтырма су қоймасына аттанды.

Ондағы мақсат – жағалаудағы қауіпсіздіктің алдын алу. Аталған су көлігі Ертіс айдынындағы ең ірі апаттық-құтқару кемесіне жатады. Үш сорғыш құрылғыдан тұратын кеменің су сыйымдылығы – 255 тонна. «Ледокол»кемесі жағалауда өрт шыға қалса, 50 метрге дейін өшіруге қауқарлы. Енді бұл өрт сөндіру техникасы  шомылу маусымы аяқталғанға дейін жағалауды күзетеді. Бұқтырмаға ең жақын өрт сөндіру бөлімі Серебрянск қаласында орналасқандықтан, құтқарушыларды осы су көлігімен бір жағалаудан екінші жағалауға тасымалдау анағұрлым жылдам.

Михаил Истомин, кеме капитаны:

– Демалыс аймақтарындағы жағаларда жолдың тарлығынан өрт сөндіру көліктері бара алмайды. Оған қоса суы мен жанармайы да таусылып қалуы мүмкін. Сондықтан жағажайда өрт болса, теплоходпен барамыз. Ол автокөлікке жанармай да жеткізе алады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика