Астана көшелеріне 6 мыңнан астам сары түсті контейнер қойылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Астана көшелеріне 6 мыңнан астам сары түсті контейнер қойылады

Дереккөз: www.inform.kz

20180613190821

Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.

Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.

Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.

Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика