2018 жылғы тамыздың 22-нен 24-не дейінгі мерзім аралығында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылғы тамыздың 22-нен 24-не дейінгі мерзім аралығында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы   тамыздың 22-нен 24-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жол» ЖШС; Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ; «Центр альтернативного образования «Достижения молодых» ҚҚ; Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынушылародағының  – Қарағанды  экономикалық университеті.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қалдықтар бөлігінде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар;
  • Қалдықтарды басқару бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
  • ҚОӘБ және жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасының жобаларын әзірлеу және т.б.
  • Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
  • Экологиялық ақпарат беру;
  • Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика