Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 16-17 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың және Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі М.Д. Абилгазиевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің кезекті 7-ші отырысы өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және транзиттік-көлік, су-энергетика, туризм және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды.

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 6-шы отырысының хаттамасының орындау нәтижелерін қарастырып, сауда, көлік, инвестициялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм мен цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуының қорытындылары талқыланды.

Кездесу барысында екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Келісімге және Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттама қабылданды

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің келесі 8-ші отырысы 2019 жылы Бішкек қаласында өтеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика