АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ (АЭХА) БАС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ 62-ШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЕССИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ (АЭХА) БАС КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ 62-ШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЕССИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Вена қ. (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 62-сессиясы өтіп жатыр. ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың басшылығындағы Қазақстандық делегация осы конференцияға баяндамамен қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-тың өкілдері кірді.

 АЭХА Бас конференциясы атом саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылау үшін бірегей алаң болып табылады, оның жұмысына жыл сайын Агенттіктің 135-тен астам мүше-мемлекеттерінен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан 2000-нан астам өкілдер қатысады.

2018 жылғы 18 қыркүйекте конференция шеңберінде ҚР Энергетика министрі «Шығыс Еуропа» өңірлік тобына мүше мемлекеттердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің арнайы іс-шарасында (сайд-ивент) баяндама жасады. Аталған іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының АЭХА-дағы негізгі рөлін дәлелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Шығыс Еуропа» өңірлік тобына мүшелігін ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.

Сонымен қатар, Бас конференция аясында Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуымен Вена халықаралық орталығының (Ротондтың) орталық залында АЭХА халықаралық көрмесі өтті, сондай-ақ конференция аясында Қазақстандық делегациямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау үшін бірқатар елдермен екіжақты кездесулер өткізілуде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика