Қазақстан мен Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан мен Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 27 қыркүйек – 28 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёевтың Қазақстан Республикасына жасаған сапары аясында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастық стратегиясына сәйкес және 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жұмыс тобының (комиссиясының) бірінші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай бастады.

Отырыста екі республиканың мемлекеттік экологиялық бақылауы, қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі, Сырдария трансшекаралық өзенінің экологиялық жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Өзбекстан үшін Қазақстан су сапасы мәселелері бойынша екі жақты жұмыс органын құрған алғашқы ел.

Отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобы туралы ереже қабылданды, оның құрамы мен 2018-2020 жылдарға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

Жұмыс тобы мынадай міндеттерді іске асыруды қарастырады:

– мониторинг саласындағы әлеуетті талдау және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған ресурстық талаптарды айқындауды қоса алғанда, ұлттық әдіснамалар үйлесімділігін зерттеу;

– ұлттық стандарттарды ескере отырып және сапаны қамтамасыз етудің бірыңғай және салыстырмалы жүйесін қоса отырып, жер үсті суларының сапасына бірлескен мониторинг жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу;

– жер үсті суларының сапасын бақылау бағдарламаларын іске асыру үшін әлеуетті арттыру бойынша ұсынымдар беру;

– су сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және ақпарат алмасу;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрбір Тараптың нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарымен алмасу;

– трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алуға және олардың ластануына  жауап қату бойынша бірлескен шараларды әзірлеу;

– судың жай-күйіне теріс әсер ететін көздер тізімін анықтау, олардың алдын-алу және ақпарат алмасу бойынша шаралар қолдану;

– ластану фактілері бойынша ерте хабарлау механизмін әзірлеу;

– халықаралық сарапшылар, қаржылық және донорлық институттарды тартумен бірлескен жобаларды бастамалау;

– Сырдария өзені бассейнінің жоғары жағында орналасқан елдерді су сапасының мәселелері бойынша өзара ынтымақтастыққа тарту  бойынша бірлескен ұсыныстарды дайындау.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика