Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 22-23 қазан аралығында Братислава қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «Жасыл экономика» жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасынның Арнайы жұмыс тобының кезекті жиналысында ҚР Энергетика Вице-министрі – Сәбит Нұрлыбай «Қазақстанда экологиялық орнықты, төмен көміртекті, энергетикалық секторын дамыту» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.
Арнайы жұмыс тобының жиналысына сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл экономика департаментінің директоры, «ССДО»АҚ өкілдері және «ӨКМ» ЖШС қатысты.
ЖЭІҚБАЖ қызметінің негізгі бағыттары Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) аймағында дамыған елдерге өтпелі экономикасы бар елдердегі экологиялық саясатты жетілдіруге көмектесу болып табылады.
ҚР Энергетика Вице-министрі – Сәбит Нұрлыбай «Жасыл экономика» жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасынның Арнайы жұмыс тобы Бюросының Мүшесі болып тағайындалды.
Бұл жұмыс тобы ЭЫДҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дирекцияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ЭЫДҰ-ның Экологиялық саясат жөніндегі комитетіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетіне есеп береді.