Дереккөз: www.energo.gov.kz
30-31 қазанда Астана қ. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті 15-отырысы өтті.
Отырысқа Комиссияның тең төрағалары – Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Әзербайжанның Энергетика министрі Пярвиз Шахбазов, Комиссия мүшелері, сондай-ақ екі елдің сарапшылары қатысты.
Іс-шара шеңберінде тараптар алдағы отырыста қабылданған шешімдердің жүзеге асу барысын қарастырып, екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, ауыл шаруашылық, транзиттік- көліктік, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салаларындағы мәселелерін талқылады.
Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы оң серпін көрсеткенін, сонымен бірге транзит, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, темір жол көлік жасау, туризм және спорт салаларындағы әлеуеті бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, 2017 жылы сәуір айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тараптар 2020 жылға дейін өзара сауда айналымын екі есеге көтеру мәселесін, соның ішінде екіжақты нарыққа экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту үшін қажетті шараларды атап өтті.
Іс-шараның нәтижесінде Отырыстың қорытынды хаттамасына қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар Комиссиясының кезекті 16-отырысын 2018 жылы Баку қаласында өткізуге келісті.