ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қарашаның 14-нен 16-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қарашаның 14-нен 16-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС; Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы  «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК; «Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу  құқығындағы «Астана су арнасы» МКК; «RecyclingCompany» ЖШС;

«Гордорсервис-Т» ЖШС; «Биосфера Казахстан» ҒЗИ» ЖШС; «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік  университетінің Қазақстандық филиалы «Kazakhstan Innovations» ҚҚ; «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ; «Nova Цинк» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер;
  • Экологиялық басқару;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
  • Қауіпті қалдықтарды өңдеу;

Дәріс оқығандар:

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Досмакова Бизара Жакиевнатәуелсіз сарапшы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ  бас сарапшысы;

Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика