Будапештте атом энергетикасы бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Будапештте атом энергетикасы бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

22 қарашада Будапештте Венгрия мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысы шеңберінде атомдық энергетика бойынша венгр-қазақстандық жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) алғашқы кездесуі өтті.

Жұмыс тобының отырысы Венгрия ғылым академиясының энергетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Тамас Пазманди және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қарақөзовтің төрағалығымен өтті.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен дамудың негізгі бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін болатын бағыттарын талқылады.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша тараптар Венгрия АЭС-ін қауіпсіз пайдалану, қызмет көрсету және модернизациялау бойынша тәжірибе алмасу жөнінде келісті. Сондай-ақ, пайдаланылған ядролық отын, радиоактивті қалдықтарды басқару және атом энергетикасы нысандарын пайдаланудан шығару саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.

Отырыста Астанадағы атом энергиясы жөніндегі жұмыс тобының кезекті екінші отырысын өткізуге келісті. Жұмыс тобы отырысының нақты уақыты мен орны алдын-ала келісілетін болады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика