Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) туралы жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) туралы жаңалықтар

Қазақстанда ЛШТТ құралын ендіру аймақтарда негізгі ластауыштар туралы мәліметтердің ашықтығын, қол жетімділігін және өзектілігін білдіреді.

ЛШТТ қалай жұмыс істейтінін, оны пайдалану кезінде қандай ақпаратты алуға болатыны және әлемде ЛШТТ ендірудің қалай жүзеге асырылатынын жалпы түсіну үшін Қазақстандағы ЛШТТ-тың әлеуметтік желілерінің ресми парақтарында екі аптада бір рет аталған тіркелім туралы жаңалықтар жарияланады.

Осылайша, қоғам өкілдері өзекті қол жетімді жаңалықтарды уақтылы және жиі ағылшын тілінде алып тұрады. Ыңғайлы болу үшін жаңалықтар жобалық топқа бейімделіп, орыс тіліне аударылады.

Осылайша сайтқа кірушілері Химиялық заттар бойынша комитеттің және Химиялық заттар, пестицидтер мен биотехнологиялар бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысының қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәуір айында Экономикалық ынтымақтастық және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіруді дамыту ұйымының 1996 жылғы ұсынымдарын жаңа ұсынымдарға ауыстыру туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар жаңалықтар таспасында ЛШТТ тікелей қатысы бар іс-шаралар көрініс табады. Осылайша, тек соңғы алты айда 2018 жылы Орхус орталықтарының жыл сайынғы жиналыстары «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне қосу» семинарларының негізгі нәтижелері жарияланды Павлодарда (12-13 қараша 2018 ж.) және Ақтөбеде (15-16 қараша 2018 ж.), сонымен қатар Ыстықкөлде (Қырғызия).

Тағы бір маңызды жаңалық келесі тақырыптар бойынша бейнематериалды оқыту түрінде үш оқыту модулін жасау болды: коммуникация және білім беру; заңды іске асыру; ластауыш заттар эмиссиясын бағалау әдістері.

Ғаламдық экологиялық қордың қолдауымен (ҒЭҚ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Оқыту және ғылыми-зерттеу институтымен (ЮНИТАР) әзірленді.

Басқа елдерде ЛШТТ ендіру тәжірибесі туралы ақпаратты ұсыну шеңберінде Еуропалық Одақ елдерінің мысалында «Еуропалық ЛШТТ және ЛШТТ Хаттамасының арасындағы негізгі айырмашылықтар», «Еуропалық Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін іздеу қалай ұйымдастырылған» және т.б. тақырыптар қамтылды.

Осылайша жергілікті және әлем жаңалықтарын орналастыру арқылы ЛШТТ туралы халықты ақпараттандыру толық көлемде жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика