Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі сайтының бағдарламалық қамтамасыз етілуі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі сайтының бағдарламалық қамтамасыз етілуі

Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ сәйкес, қоршаған ортаның жағдайы, оның ластану дәрежесі, оны қорғау және оңалту жөніндегі қабылданған шаралар туралы толық, нақты және уақтылы экологиялық ақпарат алу Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығы болып табылады..

Сонымен Қазақстанда Кодекстің 160-бабы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі ЛШТТ) жүргізуді қарастырады. Тіркелім ластауыштар туралы ақпаратты жинау және сақтау және оларды тасымалдау үшін қолданылатын электрондық деректер базасы болып табылады. Деректер базасы жұртшылықтың электрондық форматта қол жетімді және шығарындылар және/немесе химиялық заттарды тасымалдау туралы ақпарат жыл сайын жаңартылып отырады.

Жұртшылық үшін ЛШТТ деректерін қарапайым және қолжетімді пайдалану және көру үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен Қазақстанның картасы орналастырылған және есепті ұсынған барлық кәсіпорындар картада көрініс табатын интернет-портал әзірленді. Сонымен қатар бірінші санаттағы кәсіпорындар есепті онлайн-форматта, тікелей сайттың өзінде ұсына алады.

Портал әзірше мәтіндік режимде жұмыс істейді алайда, оны әлі де дамытуға және жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.

Бүгінгі таңда сайт үш опциядан тұрады. Бірінші опция – Қазақстан картасын көрсететін басты бетті көруге болады және сол бетте батырмалы белгілермен есепті ұсынған өнеркәсіп кәсіпорындар белгіленген. Сайтта картаны жақындатып көру мүмкіндігі бар. Тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері және қалаған жағдайда, басқа аймақтар бойынша ластауыштар туралы толығырақ біле алады. Белгіні басу арқылы табиғат пайдаланушы туралы ақпарат алуға болады.

Екінші опция есептерді ұсынатын кәсіпорындардың тізімін көруге мүмкіндік береді. Жеке бағанда өндiрiстiк алаңның иесi көрсетiледi. Осылайша табиғат пайдаланушының атауын басып келесі ақпаратты алуға болады: оның атауы, орналасқан орны және ластауыш заттар эмиссиялары артуының болуы.

Сайттың үшінші опциясы пайдаланушыларға анықтамалық материалдарға қол жетімділікті ұсынады. Осылайша Қазақстанда ЛШТТ ендіру туралы ақпаратпен, ЛШТТ хаттамасымен, Заңнамалық актілермен және ЛШТТ ендіру бойынша шетелдік мемлекеттердің тәжірибесімен танысуға болады.

Сайт тұрақты түрде өткізілген семинарлар, оқыту тренингтері, дәрістер барысындағы ұсынымдар мен жұртшылық тарапынан кері байланыс алу кезінде жиналған ұсыныстар есебінен өңделіп, пысықталып отырады. Сонымен, Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтын әзірлеу және жетілдіру Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын – бізді қоршаған орта жағдайы туралы ақпаратты қол жетімді етуге бағытталған.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика