ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы ақпанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы ақпанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Қожан» АҚ, «ERG-дің ғылыми-зерттеу және инженеринг орталығы» ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани H.B. (NCOC), «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Матен Петролеум» АҚ, Астана қаласындағы «Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы» мекемесі, «Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық кодекстегі өзгерістер. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары;
  • Қалдықтар саласындағы заңнама;
  • Экологиялық кодекстің жаңа жобасының негізгі қағидалары;
  • Ағынды сулар. Ағынды сулар шөгінділеріне қойылатын тегізгі талаптар;
  • Қалдықтарды қайта өңдеу, қалпына келтіру;
  • Экологиялық аудит.

Дәріс оқығандар:

Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Асанова Жанар Талғарқызы – «Жасыл Даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Досмақова Бизара ЖәкиқызыТәуелсіз сарапшы;

Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Әбдірахманова Жанар Бүркітқызы – ҚР ЭМ  бас сарапшысы;

Досанова Акмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастрының басшысы;

Тұрсынова Гүлжан Әлібекқызы – ҚР ЭМ мұнай-газ орталығында мемлекеттік тексеріс департаментінің бас сарапшысы;

Тәуекелова Мәдина Серғазықызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;

Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика