Алматы облысында жалпы көлемі 25,6 гектар болатын бірнеше жылыжай салынады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысында жалпы көлемі 25,6 гектар болатын бірнеше жылыжай салынады

Дереккөз: www.24.kz

Бүгінде Алматы облысында 94 жылыжай шаруашылығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы көлемі – 91,7 гектар. Оның ішінде 16-сы өнеркәсіптік, 33-і фермерлік, 45-і қарапайым жылыжайлар. Былтыр олардан 31 жарым мың тонна өнім жиналды. Оның 15 мың тоннасы – қызанақ, 13 мың тоннаға жуығы – қияр, қалғаны – басқа дақылдар. Аймақтағы ең үлкен жылыжайлардың бірі Қапшағай қаласында орналасқан. Өткен жылы бұл ұжым Ресейге 3 жарым мың тонна қызанақ пен қияр экспорттады. Былтыр Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Ұйғыр аудандарында жалпы көлемі 11,8 гектар болатын 6 жылыжай іске қосылды. Ал биыл облыста жалпы көлемі 25,6 гектар болатын бірнеше жылыжай салу жоспарланып отыр. Талдықорған өңіріндегі ірі жылыжайдың бірі Текелі қаласында орналасқан. Мұндағы өнімдер жергілікті базарлар мен Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарына жөнелтіледі.

Талғат Мұқанов, Текелідегі жылыжай кешенінің атқарушы директоры:

– Бағаның көтерілу себебі неден болатыны маған түсініксіз. Мен өндірушімін. Менің бағам – орташа есеппен алғанда 400 теңгеден. Бақылау жасалу керек.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика