Алматы облысында қант қызылшасы алқабы ұлғаяды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысында қант қызылшасы алқабы ұлғаяды

Дереккөз: www.24.kz

Алматы облысында биыл қант қызылшасы алқабы 11 мың 200 гектардан 14 мың гектарға дейін ұлғаяды.

Одан шамамен 485 мың тонна тәтті түбір жиналып, 50 мың тоннадан астам қант өндірілмекші. Бұл бағытта 600 шаруашылық қожалығымен келісімшарт жасалған. Шаруашылықтар жоғары сапалы тұқыммен, тыңайтқыштармен және жиын-терім науқаны кезінде қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Өңірде қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында қосымша 6 сервистік-дайындау орталығы құрылуда. Ол орталықтарға 75 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Жоғары сұрыпты тұқым түрлері Франция, Германия мен Даниядан әкелінген.

Талғат Малыбаев, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы:

– Қазіргі уақытта тұқымдардың барлық партиялары қоймаға қойылып, тұқым үлгілері карантиндік шаралардан өткізу, талдау үшін зертханаға жіберілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқым сату ағымдағы жылдың 27 наурызынан 14 сәуірге дейін жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика