Қазақстан ШЫҰ құрамында Бейжіңдегі бағбаншылық ЭКСПО-ға қатысып жатыр | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан ШЫҰ құрамында Бейжіңдегі бағбаншылық ЭКСПО-ға қатысып жатыр

Дереккөз: infrom.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 шілде күні 2019 жылғы Халықаралық бағбаншылық көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“Өткен жылдың маусым айында Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының тұжырымдамасы қабылданған болатын. Аталған тұжырымдама аясындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты экологиялық қауіпсіздік, климат өзгерістеріне бейімделу, қалдықтарды басқару, экологиялық білім деңгейін арттыру, сонымен қатар “жасыл дамуды” ілгерілету саналады”, -деді Бейжің маңындағы Яньцин қаласында өткен салтанатты шара барысында ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов.

Оның атап өтуінше, 2019 жылдың 14 маусымында Бішкекте өткен ШЫҰ саммиті аясында аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

“Мұның барлығы да ШЫҰ және біздің мемлекеттеріміздің көшбасшыларының еуразиялық кеңістіктегі қоршаған ортаны қорғауға күш-жігерлерін шоғырландыруға ұмтылатындығына дәлел бола алады”, – деді дипломат.

ШЫҰ күнінен елшілер, дипломаттар, мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің ресми тұлғалары, қытай үкіметінің, мәдениет және өнер өкілдері, жалпы 300-ден астам қонақ қатысты. Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін концерт болды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 сәуір мен 7 қазан аралығында 2019 жылғы Халықаралық бағбаншылық көрмесі өтіп жатыр. Аталған шараға әлемнің 86 елі мен 24 халықаралық ұйым қатысуда. ШЫҰ-ның бағы жер, ауа және су негізінде әрленген.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика