Қапшағайда жасыл энергетика бағытында салынған нысандардың құрылысы аяқталуға жақын | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қапшағайда жасыл энергетика бағытында салынған нысандардың құрылысы аяқталуға жақын

Дереккөз: 24.kz

Қапшағай қаласында биыл баламалы қуат көздерін өндіру бойынша үш ірі жоба жүзеге асады.

Олардың қуаттылығы – 112 МВт. Бұл жобаларға 14 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды. Қазір Шеңгелді ауылдық округінің аумағында күн көзінен қуатын өндіретін 100 МВт-тық электр станциясы салынып жатыр. Ол тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Курортты қалада жасыл энергетика бағытында салынған бұдан басқа да нысандардың құрылысы аяқталуға жақын.

Жандос Мұхамедқалиев, Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

– Жалпы бұл жоба бойынша шамамен 12 млрд инвестиция тартылды. 30 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұған қоса қаламызда осы жылы 3 МВт болатын «Технобазальт» ЖШС кәсіпорнының күн электр станциясын іске қосамыз. 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика