Алматыда «Jasyl Almaty» жобасы бойынша миллион түп ағаш отырғызылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда «Jasyl Almaty» жобасы бойынша миллион түп ағаш отырғызылады

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2,2 миллион ағаш бар, олардың 550-ін емдеу қажет. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-ғы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаламызды кең көлемде жасылдандыру бойынша кеңес өткіздім. Қазір Алматыда 2,2 миллион ағаш бар, алайда олардың 550-і емдеуді қажет етеді. Күзде «Jasyl Almaty» үш жылдық жобаны бастауды ұсынамын, оның барысында қала бойынша кем дегенде миллион түп ағаш отырғызылатын болады. Ең алдымен Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы аудандарында. Біз жаңа ықшам аудандарды, көшелер мен аулаларды жасылдандырып, бүкіл мегаполис бойынша тұрғындар демалатын аймақтар, жаңа бульварлар мен скверлер жасауға тиіспіз.

Бұл ауқымды әрі пайдалы іс. Жасыл экономика басқармасы бұл шараға барлық экологиялық ҮЕҰ мен азаматтық белсенділерді, жеке бизнесті, ізгі ниетті қалалықтарды кеңінен тартқаны жөн. Егер әрбір алматылық бір ағаштан отырғызса, онда қала экологиясының өзгеретініне сенімдімін. Келіңіздер, бәріміз бірігіп, Алматыға жасыл қала даңқын қайтарайық, сол үшін мақтанатын боламыз»,-деп жазды қала басшысы.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика