Жаздың соңында жаңбырлы ауа райы күтіледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жаздың соңында жаңбырлы ауа райы күтіледі

Дереккөз: 24.kz

Қазгидромет 29 тамыз – 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оралда орналасқан циклон Батыс Сібір арқылы, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың батыс және солтүстік облыстарында жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады. Ал шығысқа және оңтүстік-шығысқа суық және дымқыл ауа массаларының таралуына қарай, Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен жаңбыр, күшті ұйтқымалы жел, температураның орташа көпжылдық мәннен 2…4°С-қа төмендеуі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика