Асқар Мамин бастаған акция аясында 1 млн астам көшет отырғызылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Асқар Мамин бастаған акция аясында 1 млн астам көшет отырғызылады

Дереккөз: www.inform.kz

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев республикалық ағаш отырғызу акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин сəрсенбідегі Түркістан облысына жұмыс сапары барысында республикалық ағаш отырғызу акциясын бастады. Премьер-министр мен Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан қаласындағы аллеялардың біріне ағаш отырғызды. «Осылайша, сəрсенбіде басталған республикалық акция ертең, 3 қазанда еліміздің барлық мектептерінде, содан соң, бүкіл республикада жалғасады. Экология министрлігі басшысы бұдан бұрын хабарлағандай, бұл акция шеңберінде Қазақстанда 1 млн-дай ағаш егіледі» делінген хабарламада. Бейсенбіде Қазақстанның барлық мектебінде министрлер кабинетінің мүшелері мен əкімдер қатысатын экологиялық сағат өтеді. Содан кейін 200 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылады.

 

 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика