Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы экологиялық акцияға қалай қатысты. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы экологиялық акцияға қалай қатысты.

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елордадағы экологиялық сенбілікке қатысқаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті жұртшылықпен бірге Ботаникалық бақта ағаш отырғызды. Акцияға қатысушылар арасында жастарды, ел спортшыларын, мемлекет және қала билігі органдарының басшыларын көруге болады.

Бірге атқарылған игі істен кейін Қ.Тоқаев халықпен сұхбат құрып, фотоға түсті.

Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, акция барысында 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егілетін болады.

Айта кетейік, Ботаникалық бақ 2018 жылы елорданың 20 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. Ол биылғы сәуір айынан бастап келушілерге есігін айқара ашты. Бақтың жалпы аумағы 90 гектар, онда 90 мыңға жуық ағаш пен көшеттер, 600-ден астам коллекциялық өсімдік отырғызылған.

Елорданың жаңа мәдени нысанында сирек кездесетін өсімдіктердің оранжереясы, жаяу жүргіншілерге арналған көпірі бар жасанды су айдыны, веложолақ және жүгіруге арналған жолақтар бар. Бақтың жанында 141 мың шаршы метр аумаққа жасыл желек отырғызылған саябақ орналасқан. Мұнда 10 мың ағаш егілген.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика