Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті

Источник: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды

«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», – деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика