Елімізде қалдықтарды жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Елімізде қалдықтарды жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қалдықтардың жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейінен бас тартып, Еуропалық қалдықтар каталогына көшу ұсынылады. Қолданыстағы қалдықтар жіктемесінің кемшілігіне тоқталсақ, ұқсас қалдықтар кодировкасында әртүрлі түсінік беру мүмкіндігі бар. Мысалы, күлді қауіптіліктің жасыл (көмірде жұмыс істейтін энергоқондырғылардан ұшатын күл), сондай-ақ қызыл деңгейіне (күл және қалдықтар) жатқызуға болады», – деді министр Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстыра отырып.

Еуропалық қалдықтар каталогына негізделіп ұсынылып отырған сыныптауыштың артықшылығы – ол қалдықтарды қауіптілерге және қауіпсіздерге бөлу.

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынылып отырған шаралар түпкілікті нәтижеде стихиялық қоқыс орындарын жоюға, полигондар салуға арналған бюджет шығыстарын қысқартуға, сондай-ақ экологияға және адам денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді», – деді Мырзағалиев.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика