Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 11 ақпан күні Қазақстанда ауа ластануының метеорологиялық жағдайы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметі бойынша Павлодар облысында ауа сапасы нашарлайды.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика