Сайрамдағы дәмханадан Қызыл кітапқа енгізілген үкі табылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Сайрамдағы дәмханадан Қызыл кітапқа енгізілген үкі табылды

Дереккөз – www.inform.kz

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сайрамдық полицейлер Манкент ауылында орналасқан дәмханалардың бірінен Қызыл кітапқа енгізілген үкіні тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайрам АПБ-ның Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ботабек және Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен үкіні анықтады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған құс ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген «Филин-Үкісі» болып шықты. Ол Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Тәртіп сақшылары күдікті тұрғынның«Қызыл кітапқа» енген құсты қандай мақсатта ұстағанын анықтауда. Сондай-ақ тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген. «Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР «Қызыл кітабына« енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз байланыс жасап, ұстағандар 3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика